"SCAT" әуекомпаниясы Алматы - Лахор бағыты бойынша тікелей ұшады.ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп және ҚР Пәкістандағы Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен "SCAT" әуекомпаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады."2023 жылғы 8 шілдеден бастап "SCAT" әуекомпаниясы Воеіng 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада. Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда - экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.