Семей орманшыларының жағдайы қиын, бірақ бюджеттен көмек бере алмаймыз – әкім

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі орман өрті мен оның себептері туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«8 маусым – Абай облысы үшін қуанышты әрі қайғылы күн. Дәл осы күні Абай облысы құрылса, тура бір жылдан кейін Семей орманы өртеніп, 15 отандасымыздан айырылып қалдық. Абай облысындағы өрт қайдан шықты? Бұл жөнінде ресми пікір білдірген жоқсыз», - деген сұрақ қойды Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында жүргізуші Ерболат Мұхамеджан. Әкім өз жауабында ең ауыр тигені – жерлестердің құрбан болғаны, қаза тапқандардың отбасына толық жәрдем берілгенін айтты. Барлық 15 отбасына баспана және «Қазақстан халқына» қорынан қаражат бөлінген. «Орман резерваты – ерекше қорғалатын аумақ. Ол басқа ведомствоға, Экология министрлігіне қараса да, ел мен жер біздің облысымызда, жауапкершілік бізде. Біз әкімшілік тарапынан барлық көмекті көрсетіп отырмыз, көрсете береміз де. Бірақ осы министрлікке, орман комитетіне айтарымыз – орманшыларға назар аудару керек. Бұл тұрғыда көп проблема бар. Ең алдымен техникасы әбден тозған, одан кейін орманшылардың айлығы өте аз, оны да шешу керек. Әрине, тілсіз жаумен күресу керек, бірақ алдын алу жұмыстарын да ұмытпаған жөн», - деді Н. Ұранхаев. Облыс әкімінің айтуынша, ғарыш мониторингінің өрт туралы ақпараты жеткенше біраз уақыт өтіп кетеді. Орманшылардың да өртті қадағалау тәсілдері ескірген. «Орманшылар әлі күнге дейін қолына дүрбі алып, дөңнің үстіне қарауылға шығады. Ал бізде дрондар бар, ол түтінді байқаса, сигнал жібереді. Дронның өзі аса қымбат дүние емес. Осындай заманауи технологияларды қолдану керек. Былай қарасаңыз орманшыларда рация да жоқ. Біз оларға өз бюджетімізден көмек бере алмаймыз, себебі бюджеттеріміздің деңгейі бөлек. Олар республикалық бюджеттен қаржыландырылады, біз – жергілікті бюджетпіз. Сондықтан басқа қорлар арқылы мүмкіндігінше көмек беріп жатырмыз, министрлікке де орманшыларға назар аудару керегін еске салғым келеді», - деді облыс әкімі. Нұрлан Ұранхаев орманшылар мәселесі туралы Премьер-Министрге, бұрынғы Экология министріне хат жазғанын айтты. «Бұл өрт адами фактордан емес, найзағайдан шыққан. Дегенмен министрлікпен де, орманшылармен де жұмыс істеуге дайынбыз. Қор қаражатына техника сатып алайын деп жатырмыз, бірақ мәселе бұлай шешілмейді. Оны министрлік жүйелі түрде шешуі керек. Керек болса, техника сатып алуы керек, орманшылардың жалақысын көтеруі керек. Сонда ғана мәселе түбегейлі шешімін табады», - деді Абай облысының әкімі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)