Семей түбіндегі өрт әлі сөнген жоқ. Қазір онда 1500-ден астам адам қызыл жалынмен арпалысып жатыр. Одан бөлек 300 техника тартылған. Төтенше жағдайлар министрі тілсіз жауды бірер күнде ауыздықтап тастаймыз дейді. Тек желдің екпіні әзірге ырық бермей тұр. Ал «Семей орманы» мекемесінің басшысы орманшылардың қазасына қатысты пікір білдірді. Абай облысына арнайы барған Дастан Сейілханұлы тақырыпты жалғайды.Тілсіз жау тыным беретін емес. Төрт күн болды, жасыл желекті жалмап жатыр. 60 мың гектарға ауыз салып үлгерді. Оның 43 мың гектары әлі бықсып жанып жатыр. Отты сөндіруге 1500 адам жұмылған. Әскерилер де жүр. 300 техника тартылды. Әуеден де су төгіп жатыр. Сонда да бой бермейді. Сырым ШӘРІПХАНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Жел көтерілуде. Жан-жақтан соғып тұр. Сол себепті әр түрлі жағдай болып қалуы мүмкін. Біз оған бәріне дайынбыз. Техникаға қосымша біздің авиация да жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің және де қорғаныс министрлігінің авиатехникалары. Желдің екпіні өрті қайта өршітіп тастады. Төңіректі қою-қошқыл түтін торлаған соң, 3 бірдей ауыл тұрғындарын кеше түнде Семейге көшіріп еді. Жылы жерге жатқызып, ас-ауқатын беріп жатыр. ТҰРҒЫН: Уақытылы тамақ беріп жатыр. Барлығы қолдан келген көмегін көрсетуде. Киім-кешек пен төсек жабындылары да бар. Балаларға арнап ойыншық тасып жатқан еріктілерді көрдік. Жан-жақтан көмек көрсетілуде. «Аманат» партиясының волонтерлары бірнеше күннен бері қиын жағдайда қалған тұрғындарға азық-түлік тасып жатыр. Төсек жабындыларын да жеткізіп берген. Шалқар ЖОЛАМАНОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Қазақша сөйлейді Марат СЕРІКБОЛҰЛЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазақша сөйлейді Лаулап жатқан оттың ортасына орманшыларды ешбір құралсыз неліктен жібере салған деген сұрақ көптің көкейінде әлі көлкіп тұр. «Семей орманы» мекемесінде жұмыс істейтіндер – әріптестерінің қазасына басшылықты кінәлайды. Мекеме басшылығы техникалардың жұпыны екенін жасырмайды. 70 өрт сөндіру көлігі бар, соның барлығы дерлік әбден ескірген дейді. Орманшыларда неліктен қорғаныш киімдері болмағанын мандытып түсіндіріп бере алмады. Мұрат КӘРІМОВ, «СЕМЕЙ ОРМАНЫ» ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қазақша сөйлейді Әзірге өрттің нақты тұтануына не түрткі болғаны белгісіз. Әлеуметтік желіге әлдекімдердің әдейі от қойғанын растайын видео тарап кетіп еді. Жай-жапсарын құзырлы орган өкілдері анықтай жатар. Абай обылысындағы алапат өртке байланысты Бас прокуратура қылмыстық іс қозғаған