Семей ядролық полигонының жабылғанына 32 жыл

Бүгін – Семей полигонының жабылғанына 32 жыл. Еліміз егемендікті жариялаған бойда атом қаруынан бастарту туралы қаулы қабылдады. Бұл осы зұлматтан зардап шеккен қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық үшін батыл шешім болды. Қазақ жеріндегі нәубетті жылдар туралы келесі материалда. Семей полигонында алғашқы атом бомбасы 1949 жылы 29 тамызда жарылды. Аймақта барлығы 456 жарылыс болды. Оның 116-сы жер бетінде. Қазақ даласы осылайша қырық жыл бойы қасірет шекті. Қоғам қайраткері Геннадий Пуссеп ядролық сынақты өз көзімен көрмеген. Тек студент кезінде полигонды зерттеу үшін арнайы Семейге барған. Сол кездің өзінде «мен жарылысты сезгендей болдым» - дейді. Геннадий ПУССЕП, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Біз бұған аса қатты мән берген жоқпыз. Салдарын сезінбедік. Қабылдай алмадық. Бізге бұл туралы ешкім айтпайтын. Қазір қарап отырсам, менің құрдастарым аз қалыпты. Арада 40 жыл өткеннен кейін атом полигонын жабуға бағытталған алғашқы қадам жасалды. Олжас Сүлейменов Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысын құрды. Мұны әлем елдері қос қолдап қолдады. Көп ұзамай еліміз тәуелсіздік алды, ел күткен тарихи шешім қабылданды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны біржолата жабылды. Ғалымдар мұның барлығы тарих бетінде алтын әріппен жазылды – дейді. Қазір сынақ алаңы-ғылыми зерттеулер үшін бірегей орынға айналған. Эрлан БАТЫРБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазір Ұлттық ядро орталығының мақсаты мемлекетіміздің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану. Біз істеп жатқан жобаларымыздың арқасында атом энергетика қауіпсіздігі саласындағы әлемнің жетекші ұйымдарының қатарына кірдік. Қазақстан – жаппай қырып-жою қаруынан ерікті түрде бас тартқан әлемдегі алғашқы мемлекет. Еліміздің бейбіт өмірді насихаттауын бүкіл әлем мойындап, үлгі алады. Өйткені, ел полигонның зардабын әбден тартқан еді. Сол аймақтағы тұрғындар қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көбі мүгедек болып қалды. Ал, қазір Ұлттық ядролық орталық атомдық энергияны бейбіт мақсатта қолдану үшін жұмыс істейді. Павел КРИВЦОВ, ҚР ҰЯО ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Бейбіт атом-бейбіт мақсатта. Басты міндет Курчатовта жинақталған ғылыми базаны пайдалана отырып, бейбіт мақсатта радиациялық технологияларды әзірлеу. Мысалы, ғалымдар қазір су сіңіретін суперабсорбенттер өндірісін қолға алды. Бұл Қазақстанның құрғақ өңірлеріндегі мәселелерді шешуге бағытталған. Яғни, суды үнемдеудің озық технологиясы. Семей полигонындағы ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Ядролық арсенал жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында да қаруды сынауға мораторий жарияланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы универсиада: Қазақстандықтар қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі
«Ұлытау» тәжірибелі қорғаушымен толықты
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі белгіленді
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Ақтөбе тұрғынынан құны 12 млн теңге болатын марихуана тәркіленді
«Баға қайда кетіп барасың?» деп жыламсырайтын жағдайға да жеттік – депутат
Бублик пен Шевченко Australian Open турнирін сәтсіз аяқтады
Көршілері ұстап берген: Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азаматқа айыппұл салынды
Ақтөбеде мектепке жақын жерде алкомаркет ашылған
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Қазақстан-Британ университетіндегі өртті сөндірген құтқарушылар марапатталды
Депутат әлеуметтік педагогтар мен техникалық персоналдың айлығын көтеруді талап етті
Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктер Қазақстанға қайтарылды