Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Абай облыстық ПД сілтеме жасап.Салдарынан ер адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.Оқиға орнында полиция қызметкерлері көлік корпусының сынықтарын тауып, сол арқылы қашып кеткен автомашинаны анықтады. Ол облыс орталығының 20 жастағы тұрғынына тиесілі Toyota Estima болып шықты. Жүргізуші полицияға жеткізілді, ол көп ұзамай жаяу жүргінші қағып кеткен соң апат болған жерден қашқанын мойындады.Жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша тергеу полиция департаментінің ерекше бақылауында. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткені үшін жауапқа тартылды. Автокөлік сол күні арнайы автотұраққа орналастырылды. Дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Бұл факт ерекше бақылауға алынды, - деп атап өтті Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.