Семейде Засядько көшесіндегі сауда үйі өртеніп жатыр. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтап жатыр.Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер эскалатор аймағында бірінші қабатта бутиктер жанып, екінші қабаттың үй-жайларына жайылып жатқанын анықтады. Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын түсіндірді.