Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz Семей әкімдігі баспасөз қызметіне сілтем жасап.Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген еді. "Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды. Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.