Семейде көпқабатты үйдің лифті құлап, алты адам зардап шекті. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаменті. Семейдегі тұрғын үйде лифт құлағаннан кейін алты адам ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Абай облысының ПД Telegram-дағы арнасында оқиға салдарынан қаза тапқандар туралы ақпарат жалған екені хабарланған. "Сонымен қатар жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.