Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды

Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Семей қаласының 57 жастағы тұрғыны Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Алматы, Семей, Павлодар қалаларында тұратын басқа тұлғалармен сөз байласып, 2016 жылы Ақтөбе қаласының тұрғыны жасап шығарған смартфон түріндегі ұялы телефон арқылы пайдаланылатын Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына арналған “APPPORT” мобильді қосымшасын жарнамалап, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізген.“UNNNITY corporation” ЖШС сайтына жеке бас пайдасын көздей отырып, қаражат тарту мақсатында “APPPORT” мобильді қосымшасын пайдаланушылар кәсіпкерлерге “APPPORT” порталы арқылы белгілі бір мерзімге дейін өз қызметтерін жарнамалауға мүмкіндігі болатынын айтып сендірген.“UCREDIT” (виртуальді валюта) сатып алу кезінде, сондай- ақ жаңа тұлғаларды тіркеген жағдайда белсенді қатысушыларға қосымша бонус алуға болатыны туралы жалған ақпарат таратқан.Көптеген азаматтар жарнамаға сеніп, 350 мыңнан 2 миллион теңгеге дейінгі көлемде қаражаттарын салған. Осылайша 2016-2024 жылдар аралығында әйел өзінің таныстарымен бірігіп 2 мыңға жуық адамды алдап, оларға жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Сот оны қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 7 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады."Сотталған жазасын өтеу үшін Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне келді. Қазір ол карантин бөлімінде жатыр. Онымен оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, карантиндік бөлімнен шыққаннан кейін сот шешімімен талап-арыздарды өтеу үшін ақы төленетін жұмысқа орналасады", – дейді мекеме басшысының орынбасары Дархан Бигазиев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Күн күрт суытады