Өнер қырандары театрының актері Жанболат Найзабеков өзіне тағылған сыннан қайралғанын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі Жұлдызды Weekend бағдарламасында берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Өнер иесі өзінің қалаған оқу орнына бастапқыда түсе алмай жүргенін айтты."17 жыл бұрын оқуға келдім Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына. Әртіс боламын деп актер және кино мамандығына тапсырдық. Кішкентай кезімізден, "Бауыржан шоу", "Тамаша" театрларын көріп өстім. Менің бұл оқуға түсуіме Мадияр мотивация болды. Ол 7 жыл қатарынан түсе алмаған. Оған сен қап-қарасың деген. Менде 1-ші жылы түсе алмадым. Екінші жылы бір-ақ түстім. Маған "сақаусың" деді, себебі мен С- деген әріпті дұрыс айта алмайтын едім. "Сен сақаусың, актер бола алмайсың, басқа мамандық таңда" деді. Сол кезде Дариға Тұранқұлова апайымызға көп рақмет. Менен "актер жасаймыз" деді. Екі жаңғақты екі ұртыма салдырып күнде жаттығу жасап С- деген әріп орнына келді. 2006-да түстік, сосын қалдық сол жерде",- дейді актер."Қой мынадан актер шықпайды, актердің көзі жанып тұру керек. От болу керек деген адамдарды көремін ғой. Жана алмай жүрмін, от бола алмай жүрмін десем. Олар маған біз саған солай айтып, болсын дедік деп жақсы тілек ниеттерін білдіреді,- дейді Жанболат Найзабек.Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы танымал жұлдыздардың асабалық қызметі үшін қанша гонорар алатынын жазған болатынбыз. Оның ішінде актер Жанболат Найзабек те бар. Ол туралы осы жерден оқи аласыз.