Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа 31 жасқа толып, туған күнін жақындары мен достары арасында атап өтті. Інісінің мерейлі мерекесінде тілек айтқан Роза Әлқожа келінін жылатып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Роза Әлқожаның інісінің туған күнінде тілек айтқан сәті TikTok желісіне тарады. "Мен басында ескерткенмін. "Сен сияқты келіншектің оны болады. Соған төзесің бе? Үйге қонбайды. Топырлатып бала босанғаныңмен, бағаламайды. Қыздардың өзі келіп арбайды" дедім. Сонда да қыздар көзсіз батыр ғой. Сонда да "Шымкентке келін боламын. Әулеттің ұрпағын көбейтемін. Серт беремін" деді. Алла ажыратпасын",- деді Роза Әлқожа. Видеодан қайын апасының тілегін естіген Әбдіжаппар Әлқожаның келіншегі көзіне жас алып, Роза Әлқожаның иығына басын қойғанын байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тойға шықпайтын әншілерді аяйтынын айтқан болатын.