Сенат бизнеске қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы екінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды. Заң кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру және бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін әзірленді. Заң мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарын реттеуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге және дамытуға жағдайды жақсартуға, Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Заңды Парламент Сенатында қарау барысында мыналарды: - Заңның жекелеген нормаларын реттеушілік саясаттың қағидаттары мен тәсілдеріне сәйкес келтіруді; - Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салумен байланысты мақсаттар үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру мүмкіндігін сақтауды; - Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын шекті сауда үстемеақысын қолдану тәртібін белгілеуді; - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетуді көздейді; - Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін кен орнын әзірлеудің техникалық жобасында белгіленген нормаланған ысыраптар туралы деректерді қолдануды; -Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тетігін жетілдіруді; -Бірыңғай төлемнің құрамдас бөліктерінің үлестерін қайта есептеуді көздейтін түзетулер енгізіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 90 млн теңге шығынға батырды
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады