Сенат депутаттары көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстаудың жаңа нормаларын ұсынды

2019 жылы қабылданған мүлік меншік иелерінің бірлестігіне көшу жөніндегі нормалар әлі толық іске асырылмай отыр. Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлердің 85%-ы жай серіктестік нысанына көшті, ал мүлік меншік иелерінің бірлестігін небәрі 11,5%-ы таңдады. Сонымен қатар 1436 көппәтерлі тұрғын үй әлі күнге дейін басқарудың ешқандай түрін таңдаған жоқ. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында айтылды.Сенат депутаттарының бастамашыл тобымен ұсынылған Заң жобасында осыған байланысты Заңда қарапайым серіктестік құру кезінде пәтерлер санын 30 пәтерге дейін шектеу көзделеді. «Бұдан басқа, республика бойынша шамамен 10 211 аз пәтерлі үйлер бар. Мұндай үйлерде пәтерлер санының аз болуы себепті мүлік меншік иелерінің бірлестігіне немесе қарапайым серіктестікке тиімсіз. Осыған байланысты, басқарудың жаңа нысаны – тікелей бірлескен басқару ұсынылады. Бұл нысанды пәтерлер саны 16-ға дейінгі үйлер үшін жасауға болады», - деп нақтылады Сенат депутаты Бауыржан Қаниев. Заң жобасы аясында тұрғындар арасында басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген немесе олардың ауысуға дайын еместігі бойынша мәселе де шешіледі. Мысалы, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясына бір жылға дейінгі мерзімге уақытша басқарушы компанияны анықтауға мүмкіндік беру туралы норма енгізілуде. «Сонымен қатар құрылыс салушыға кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандары құрылғанға дейін алты айға дейінгі мерзімге басқарушы компанияны тартуға мүмкіндік беретін норма көзделеді. Осылайша, Заңмен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарусыз және күтіп-ұстаусыз қалдырмауға мүмкіндік беретін бірқатар норма енгізіледі», - деді сенатор. Сондай-ақ басты проблемалардың бірі – тұрғындардың жиналысында қаржылық сипаттағы мәселелерді шешу. Қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес жиналысқа тұрғындардың үштен екісі қатысып, олар «қолдап» дауыс беруі керек. Қарастырылып отырған заңда бұл талапты меншік иелерінің жалпы санының көпшілігінің дауысына дейін азайту ұсынылады. Сондай-ақ жазбаша сауалнама жүргізу уақыты бір айдан екі айға дейін ұзарады. Бұдан бөлек, Заңмен жеке (бөлек) меншіктегі мүліктің дербес түрлері ретінде тұрақ орындары мен қоймалардың мәртебесін бекіту ұсынылады. Заңда өтпелі ережелер де: басқару нысанын ауыстыру кезінде, сондай-ақ пәтер және үй-жай иелерінің кооперативтерін тарату кезінде ақшаны тапсыру; бұрын құрылған қарапайым серіктестіктер үшін мүлік меншік иелерінің бірлестігін құруға өтпелі кезеңді (екі жылға дейін) белгілеу қарастарылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға қандай көмек көрсетілді?
«Қайраттың» түлегі «Қызылжармен» келісімге келді
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады