Сенат депутаттары полициядағы цифрландыру жұмыстарымен танысты

Әлем күн сайын өзгеруде. Екі ғасыр бұрын өнеркәсіп қарқынды түрде дами бастаған болса, ал ХХІ ғасырды ақпараттық технологиялар мен цифрландырудың жандану кезеңі деп айтуға болады. Полиция қызметі де модернизациялаудан қалыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін де, қылмыстарды жедел ашу үшін де белсенді қолданылуда. Ішкі істер органдарының жұмысына енгізіліп жатқан заманауи құрылғылармен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары танысты. Елорданың Жедел басқару орталығында ІІМ басшылығымен қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Халық қалаулылары ең алдымен “халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатына сәйкес келетін, қоғамның нақты сұраныстарын ескеретін Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасымен танысты. Тұжырымдаманың басты ерекшелігі – оны әзірлеу тәсілдерінің өзгеруі. Бұл жұмысқа бірінші кезеңнен бастап: – жұртшылық – үкіметтік емес ұйымдар – тәуелсіз сарапшылар – халықаралық ұйымдар – ғылыми қоғамдастық – мүдделі мемлекеттік органдар қатысатын болады. Депутаттарға жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтауға арналған “Қорғау” жүйесінің ерекшеліктері туралы айтылды. Бағдарлама көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне қауіпті жүргізушінің оған жақындағаны туралы сигнал береді. “Қорғау” жүйесінің көмегімен 18 мыңға жуық автокөлік айыппұл тұрағына қамалды, жалған нөмірлерді пайдаланудың 909 фактісі анықталды. Басқару құқығы жоқ немесе бұрын жүргізу құқығынан айырылған үш мыңнан астам жүргізуші ұсталды. Қонақтарға полицейлердің бейнетіркегіштері де көрсетілді. Жоба “Цифрлық полицей” деп аталады. Құрылғы жағдайды нақты уақыт режимінде көрсетіп, бейнені басшылықтың және тексеруші қызметкерлердің жұмыс орнына шығарады. Видеожазбаларды өшіруге, орналасқан жерді жасыруға мүмкіндік жоқ. Сенат өкілдеріне Жедел басқару орталығы мен полицияның кезекші бөлімдеріне шығарылған қоғамдық орындардағы, сондай-ақ мектептердегі бейнекамералар мен дабыл батырмалары туралы ақпарат берілді. Елімізде жеті мыңнан астам мектеп бар. Бұл білім ошақтарында 162 мың бейнекамера орнатылған. Оның ішінде 3 593 оқу орны Жедел басқару орталықтарына және кезекші бөлімдерге қосылған. Республика бойынша 174 “SOS түймесі” жұмыс істейді. Ішкі істер органдарында цифрландыру бойынша жалпы жүргізіліп жатқан жұмыс жайында мағлұмат берілді. Қызмет бөлмелері мен жеке кабинеттерде, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарында орнатылған камералар, сондай-ақ есепте тұрғандарды қадағалауға мүмкіндік беретін электронды браслеттер туралы да айтылды. Одан бөлек қонақтарға ІІМ-де құрылған Жағдаяттық-талдау орталығының жұмысы жайында түсіндірілді. Ол жедел жағдайды талдап, өңірлердегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды бақылауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сенаторлар өз сұрақтарына толық жауап ала алды. Кездесу соңында олар ішкі істер органдарымен жүргізіліп жатқан жұмысқа оң баға берді.  – Бірқатар жұмыстар атқарылған. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес полицияның сервистік моделін енгізу бойынша жұмыстың жүргізіліп жатқанына бірінші жыл емес. Осы мәселеде құзырлы орган – Ішкі істер министрлігіндегі атқарылған істі көру үшін келдік. Бұл жолғы кездесудің ерекшелігі жиналыс түрінде емес, ашық форматта жұмыс барысын көру болды, – деді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның Қарулы күштері 75 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасын өткізді
Астанада үй иесінің әшекей бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды
Қазақстанда қанша жетім бала бар?
«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау қайта басталды
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Сенаторлар Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па? Федерация түсінік берді
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодарда ұсталды