Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды мақұлдады.Палата депутаты Бауыржан Қаниев аталған құжат Қазақстанның 38 заңнамалық актісіне, оның ішінде 9 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізетінін айтты. Олар: - байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету; - елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары шеңберінде байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау; - ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша байланыс қызметтерін субсидиялау; - жаңа туған нәрестелердің дербес деректерін жоғалту тәуекелдерін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру; - байланыс операторларын мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер беруге міндеттеу - алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу үшін антифрод-орталықтың құқықтық мәртебесі мен функцияларын бекіту. «Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт талаптарын сақтауын бақылауға қажет ғарыштық мониторинг жүйесі арқылы орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат алу да осы заңның аясында қарастырылған. Сондай-ақ, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне телекоммуникация желілері мен кабельдік кәріздерді бюджет есебінен түгендеу құзыреті беріледі. Заң мақұлданған жағдайда байланыс желілерінің құрылысы жеделдетіледі. Байланыс қызметтерінің сапасы жақсарып, қамту аймақтары кеңейеді және абоненттер саны артады. Сонымен қатар, байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамып, спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды. Инвестициялық ахуал жақсарып, экономикадағы инновациялардың үлесі артады», - деді Бауыржан Қаниев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Руслан Жақсылықов: Жемқорлық жасаған адам қатаң жазаға тартылуы керек!
15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті
Магистратураға грантқа түскендер тізімі белгілі болды
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты
Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)