Сенат Қазақстан мен Кипр арасындағы құқықтық көмекке қатысты екі заңды мақұлдады

Енді қашқындар Кипрге барып, бас сауғалай алмайды. Сенат Қазақстан мен Кипр Республикалары арасындағы қылмыскерді ұстап беру туралы шартты мақұлдады. Құжат іздеуде жүрген адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін экстрадициялау мәселелерін реттейді. Шарт бойынша іздеудегі адамның іс-әрекеті алдымен екі елде де қылмыс ретінде танылуы тиіс. Және қылмыскерге тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзімі 1 жылдан асуы қажет.Айнұр АРҒЫНБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Келісімде іздеудегі адамды ұстап беру үшін алдын ала тұтқындау, дәлелдер мен құжаттарды табыстау, немесе экстрадициялауды кейінге қалдырған жағдайда қылмыскерді алдын-ала қамауға алу тәртібін егжей-тегжейлі реттелген. Сондай-ақ, осы келісімнің орындалуына байланысты шығындар мен келіспеушіліктерді реттейтін ережелер бар. Сенатта қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт та қолдау тапты. Заңда көрсетілген құқықтық көмектің белгілі бір түрлері сақталмаған жағдайда, яғни мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне қатер төндірсе, оның ұлттық заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келсе құқықтық көмек көрсетуден бас тарту көзделген. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мақұлданған заңдар Қазақстан мен Кипр Республикасы арасында құқық қорғау саласы бойынша ынтымақтастықты дамытуға арналған. Келісімнің ережелері ұстап берудің шарттары мен рәсімдерін, сондай-ақ, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелерін реттейді. Алдағы уақытта осы заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы бірлескен қызметінің тиімділігін арттырады деп сенеміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семей әуежайы амбулаториялық лифт берілді
Ақтөбеде кепілде болып, ауыр жарақат алған әйел есін жиды
«Жошы хан» елде түсіріледі
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Президент «жаңа олигархиядан» неге қорықты?
Алматы облысында есірткі курьері 16 жылға сотталды
Қазақстандық Таиландтан келген ерекше жөнелтілім үшін 16 жылға сотталды
Қытайдан келген тауарларды ұрлаған қойма қызметкерлері әшкереленді
Қазақстан дзюдошылары жылдың алғашқы Гран Слэм турниріне қатыспайтын болды
Қазақстандық шетелден есірткіге тапсырыс беремін деп 16 жылға сотталып кетті
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Қызылорда облысында жол талғамайтын көліктен қару мен рациялар табылды
Елімізде «Ұлттық кітап» байқауына өтініш қабылдау басталды
“Менен екі жас кіші“. Ayree екінші күйеуімен қалай танысқанын айтты
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
«Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтініш қабылдау басталды
Тарихта тұңғыш қазақ Apple компаниясының басшылық қызметіне тағайындалды
Петропавлдағы стадион аумағында өрт шықты (ВИДЕО)