Сенат үш жылдық бюджетке түзету енгізіп, Мәжіліске қайтарды

Сенат 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарап, оны түзетулерімен Мәжіліске қайтарды. Алдағы жылдары мемлекет жұмсайтын барлық қаражаттың жартысына жуығы әлеуметтік салаға бағытталады. 3 жыл Ұлттық қордан трансферт тартылады. Тақырыпты толығырақ әріптесім, Ақбота Базарбай тарқатады. Алдағы 3 жылдық бюджет стра¬тегиялық бағдарламаларды және Президенттің Жолдауда көрсеткен маңызды әлеуметтік-экномикалық міндеттерді іске асы¬¬руға арналған. Сыртқы нарықтағы күрделі жағдайға байланысты дағдарысқа қарсы кешенді іс-шараларды қаржыландыру жалғаса бермек. Келер жылы бюджет шығындарының 40 проценттен астамы әлеуметтік салаға жұм¬салады. Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: Өңірлерді дамытуға тоқталсақ, бұған республикалық бюджеттен 7 трлн теңгеден артық қаражат қарастырылған. Яғни жалпы бюджет шығыстарының шамамен 30% құрайды. Сондай-ақ, құжатты Сенатта талқылау кезінде Үкімет резерві есебінен «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға қосымша 13,6 млрд теңге, өңірлердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға 30,1 млрд теңге бөлуге қатысты қолдау жасалды. Ұлттық қордың қаржысын жекелеген стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға пайдалану қажет. Мұндай тәжірибеге тыйым салынбайды. Дегенмен Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, облигацияларға қойылатын талаптар мен ережелерді нарық қалыптастыруға тиіс. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Егер пайыздық мөлшерлемені субсидиялайтын болсақ және бұл шығындарды Ұлттық қор өз мойнына алса, онда Ұлттық қор тұжырымдамасына және балаларды қолдау тұрғысынан орындалуға тиіс міндеттерге және тағы басқа мәселелерге қайшы келеміз. Өткен жылғы бюджеттің есебі шеңберінде Үкіметтің Парламенттегі есебі де көзделген болатын. Біз былтырғы бюджет бойынша есепті қараған кезде Ұлттық қор қаржысын пайдаланудың осы бөлігі туралы ақпаратты көре алмадық. Ақпарат жоқ. Осылайша, бұл қаржыны пайдалану туралы есепте проблема бар. Әлихан Смайылов қордаланған мәселелерді бірден шешу мүмкін емес дейді. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Қазір екінің бірі үкіметтің кемшіліктерін ғана айтатын болды. Проблемалар бар. Ол рас. Және ол проблемалар бүгін пайда болған жоқ. Олар ондаған жылдар бойы жинақталған. Біздің басты мәселеміз – ресурстарымыздың шектеулілігі. Өкінішке орай, біз бірден барлық мәселені шешу үшін қаражат бөле алмаймыз. Жоғарғы палата депутаттары бизнес пен азаматтарды әлеуметтік қолдауға және өңірлерді дамытуға бөлінетін қаражатты ұ묬¬ғайтуға байланысты бюджет шы¬¬¬¬-ғыстарының кейбір бағыттарын қайта қарауды ұсынды. Жан-жақты талқылаудан кейін сенаторлар еліміздің басты қаржы құжатына бірқатар түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды