Сенатор Amanat Home кооперативіне 1 млрд теңге салған азаматтардың жанайқайын жеткізді

Бүгінде 453 қазақстандық Amanat Home кооперативіне 1 млрд теңге салып, ақшасын қайтара алмаған. Бұл туралы Сенат депутаты Геннадий Шиповских айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.Депутаттық сауал Қаржы мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов жолданды. Сенатордың айтуынша, қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің саны азаяр емес. Бас прокуратураның дерегінше «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша 2021 жылы – 233, 2022 жылы – 104, ал биыл 9 айда 89 іс сотқа жіберілген. Аталған статистикаға қарасақ, жылдан-жылға қаржы пирамидасының құрбандары азайып келе жатқан секілді көрінуі мүмкін. Ал содан жапа шеккендердің тізіміне қарайтын болсақ, керісінше статистиканы байқаймыз: 2021 жылы жәбірленушілер саны – 1259, 2022 жылы – 892, ал биыл 9 айда жәбірленушілер саны – 2079 адам. Бұл статистикада тек сот жәбірленуші деп таныған адамдардың тізімі көрсетілген, - деді сенатор. Геннадий Шиповских жақында Amanat Home, Amanat Halyq кооперативтерінің 42 салымшысынан шағым түскенін айтты. «Онда кооперативтерге ақша салып, не баспанасын ала алмай, не салған ақшасын қайтара алмай отырғандардың жанайқайы жеткізілген. Бұл қаншама отбасының берекесі қашып, қаншама баланың психологиясы бұзылып жатыр деген сөз. «Борышкерлердің бірыңғай тізілімінің» деректері мен салымшылардың ақпаратынша, Amanat Home кооперативін сотқа беріп, шешім шығып, ол орындалмай, ақшасын кері қайтара алмағандар саны 453 адам. Жалпы келтірілген залал – 1 млрд 200 млн теңге. Аталған кооперативтердің қаржы пирамидасына жататынын, не жатпайтын құзырлы органдар анықтай жатар. Біз ешкімді айыптамаймыз. Десек те салымшылардың өз ақшасын ала алмай жүргенін, жұмысын тастап, айлап-жылдап прокуратура мен сот ғимараттарының табалдырығын тоздырып жүргені көз жұма қарайтын жеңіл мәселе емес», - деді депутат. Депутат Қаржы мониторинг агенттігінің төрағасынан көмек сұрады. Құрметті Жанат Қалдыбекұлы, қаржы пирамидаларының алдын алуға бағытталған қажет тетіктердің бәрі бар, сондай-ақ Парламент тарапынан заңнама күшейтілді және қолдаулар көрсетіліп жатыр. Десе де, қаржылық пирамида ұйымдарынан зардап шеккендердің саны азаяр емес. Не себепті осы күнге дейін қаржылық пирамида ұйымдарын жеңе алмай келеміз?, - деді Геннадий Шиповских.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді