Сенатор: Қазақстаннан жыл сайын 16,7 млрд доллар заңсыз шығарылады

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов «Капиталды заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында валюталық реттеуді жүзеге асыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында Қазақстаннан заңсыз ақша шығарылуына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Қазіргі уақытта елде заңсыз шығарылған қаражат көп. Егер Global Financial Integrity халықаралық зерттеу ұйымының жыл сайынғы есебін қарайтын болсақ, Қазақстаннан жыл сайын 16,7 миллиард доллар заңсыз әкетіледі. Біздің еліміз 148 дамушы мемлекет арасындағы рейтингте он бірінші орында тұр, - дейді ол. Сонымен қатар сенатор капиталды елден тыс жерлерге заңсыз әкетудің зияны көп екенін айтады. Біріншіден, бұл капиталдың көлеңкелі айналымына салық салынбайды, соның салдарынан мемлекеттік бюджет толық көлемде толтырылмайды. Капиталдың көлеңкелі айналымын анықтау және болдырмау мемлекеттік қазынаның кірісін едәуір арттыра алатын еді. Екіншіден, бүгінгі күнде қабылданған заңдар нәтижесінде заңдастырылған капиталды жасырудың қажеті де жоқ. Себебі ол отандық экономиканың өсіруін ынталандырып, ел ішінде инвестициялануы мүмкін, - деп атап өтті Сұлтанбек Мәкежанов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Қарағандыда куәгерді азаптаған екі полицей сотталды
«Қорқатын ештеңе жоқ»: қамаудан шыққан Қаржаубай қолдаушыларына алғысын айтты
Иван Дычконың жекпе-жегі кейінге шегерілді
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда 18 жаңа білім беру нысаны салынды
Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған – Euronews
Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды
Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болды – Көлік министрі
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы жұмысының қорытындылары
Сот вайнер Шерниязовтың өтініші бойынша шешім шығарды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Медиасауатты дамыту, Euronews кеңсесі: ақпарат саласы бойынша биылғы жылдың маңызды оқиғалары
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды