Сенатор оңтүстіктегі өңірлердің егіс суаратын жүйелерін жетілдіруге қосымша қаражат сұрады

Сенат депутаты Сәкен Арубаев оңтүстіктегі өңірлердің егіс суаратын жүйелерін жетілдіруге қосымша қаражат сұрады.Сенатор еліміздің Үкіметі 2014 жылы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында ирригациялық және дренаж жүйелерін жаңғырту мен дамыту үшін келісім жасасқанын еске салды. «Халықаралық қайта құру және даму банкімен жасалған келісім бойынша жоба 2021 жылы аяқталуы керек болатын. Бірақ қаржының республикалық бюджеттен жүйелі түрде толық бөлінбеуінен, жобаның аяқталу мерзімі 2024 жылдың соңына дейін ұзартылды. Салдарынан 4 облыс бойынша аяқталуға тиісті 11 жобаның 2 жобасы ғана аяқталған. Қалған 9 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары созылып кетті. Соның салдарынан жоспардағы 105 мың гектар жердің 10 мың гектары ғана ағын сумен қамтамасыз етіліп отыр. Биыл осы жұмыстарды аяқтауға сұралған 20,3 млрд теңге қаржының тек 7,2 млрд теңгесі қолдау тапқан. Бұл жобаның толық іске асуы тағы да 2-3 жылға созылады деген сөз», - деді Сәкен Арубаев депутаттық сауалында. Депутаттың сөзінше, Жамбыл облысында суару каналдарын жаңғырту жұмысында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Өңірдегі суармалы алқапты жиынтық ауданы 181,8 мың гектар болады. Оның 89,1 мың гектары ғана сумен нормативке сәйкес мөлшерде қамтамасыз етілген. Сенатор осыған байланысты қазірдің өзінде жүзеге асып жатқан жобаларды аяқтау үшін, сондай-ақ Жамбыл облысының суармалы жерлерін қалпына келтірудің жол картасына сәйкес су объектілерінің құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін қаражат көзін іздестіру қажеттігін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионы атанды
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
Жүйрікте де жүйрік бар
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті