Сенатор шетелдіктер асырап алған балалар туралы толық ақпарат беруді сұрады

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында шетелдегі қазақтарды қолдау туралы бірқатар мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сенатордың айтуынша, ресми мәліметтерге сәйкес шетелде 4 миллионға жуық, ал бейресми мәліметтерге сәйкес 7 миллионға жуық қазақ тұрады. Депутат олардың көпшілігінің тарихи отанына оралу ниеті бар екенін айтты. Алайда, мұндай қадам жасауға оларға тұсау болатын бірқатар себеп бар. «Қандастардың елімізге көптеп келе алмауы себебіне тоқталсақ, басқа мемлекеттерде өздерінің ұлты қазақ екендігін дәлелдей алмай жатады. Ал білім беру саласындағы айырмашылықтар және басқа да мәселелер келгендердің мүмкіндігін шектеп жатады», - деді Ғ. Сарыбаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында. Сонымен қатар депутат халықтың көші-қон мәселелеріне қатысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге жиі өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін айтты. Сенатор осыған байланысты Үкіметтен көші-қон саласында жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат беруді сұрады. «ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдік дипломатиялық мекемелерінде құрылған арнайы комиссиялардың жұмыстарын қайта жандандыру керек. Әртүрлі себептермен шетелде жүрген отандастарымыздың қиын жағдайларға тап болғанда оларға көрсетілетін көмектерді қайта зерделеуді, сондай-ақ 1990-2000 жылдары бала кезінде шетелдіктер асырап алған жетім балалардың жағдайы туралы толық ақпарат беруді сұраймын», - деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үкімет: Ұлытау облысында қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Қытай құрамасында белдесетін қазақ балуаны Алматыға келді
Енді экс-президенттің денсаулығы туралы ақпарат құпия болады
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады