Сенаторлар адам саудасы мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заңдарды қарайды

Сенаторлар адам саудасы мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заңдарды қарайды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 27 маусым күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.Сенаторлар алдағы бейсенбіде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» негізгі заңды, сондай-ақ, оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарайды. Аталған заңдардың нормалары адам саудасына байланысты қылмыстардың жаңа санатын енгізуді және адамдарды жыныстық сипаттағы қызметтер көрсетуге, оның ішінде кәмелетке толмаған адамдарды тартқаны, сондай-ақ, жеңгетайлықпен айналысқаны үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды тұлғалары жаңа туған нәрестені тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі мен жеткізілуі туралы деректерді хабарламағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізу қарастырылып отыр. Вандализмнің әрекетіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл жөнінде де түзетулер енгізіледі. Электромобильдерге қатысты мәселелерге арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Палатаның алдағы отырысында қаралады. Ал, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда электромобильдерді ұйымдастыру және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары анықталады. Оның ішінде электроқуаттау стансаларын пайдалану ережелері де бар. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылды. Аталған заң аясында 5 Кодекске және 36 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Бұл ретте Әлеуметтік кодекске халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін және оның құзыреттерін бекіту бөлігінде түзетулер енгізілмек. Депутаттар бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтар-дың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және ҚР заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың маңызды міндеті шағын және орта бизнесті қолдау және кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тартуға қарсы әрекет ету екенін атап өткен жөн. Бұл заңдардың нормаларына сәйкес салық қылмыстары саласындағы істерді тіркеу үшін бірқатар ерекшелік қарастырылған. Мемлекет басшысының халық арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға бастамашы болды. Заң нормаларына сәйкес құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың тізімін анықтау, ондай азаматтарды медициналық оңалту тәртібін белгілеу сияқты бірқатар нақты шара ұсынылып отыр. Бұған ілеспе «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң ойын бизнесі саласын реттеудің нормативтік негізін жандандыруға жол ашады. Сондай-ақ «Жылу энергетикасы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар да Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылды. Жаңа нормалардың қатарында жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту, бүкіл салаға мониторинг жүргізу, тариф белгілеу қағидаттарын айқындау және энергия тиімділігін арттыру сияқты басымдықтар бар. Одан бөлек, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне экономикалық және техникалық орындылық жағдайында жаңартылатын энергия көздерін енгізуді дамытуға ынталандыру сияқты міндеттер де қарастырылған. Алдағы бейсенбіде қаралатын келесі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңның нормалары мемлекеттік қолдау көрсету арқылы жылқылардың отандық тұқымын сақтауға және олардың асыл тұқымдық қасиеттерін жақсартуға бағытталған. Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізу туралы» заңдар да қаралады. Олар саланы жетілдіру мәселелерін қамтиды. Сонымен бірге бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау туралы мәселелер де Палата отырысының күн тәртібіне шығарылды. Олар – «Қазақстан Республикасының мен Сингапур Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференция-сын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар. Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты Комитеттерге бөлініп берілді.

  «Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
«Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
  • aikyn
World Boxing ұйымы салмақ дәрежелерін жариялады
World Boxing ұйымы салмақ дәрежелерін жариялады
  • 1bol.kz
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
  • aqshamnews
Дәрігер адам өмірін 11 жылға ұзартатын кеңес ұсынды
Дәрігер адам өмірін 11 жылға ұзартатын кеңес ұсынды
  • Massaget
Павлодар облысында моноқалаға жаңа әкім тағайындалды
Павлодар облысында моноқалаға жаңа әкім тағайындалды
  • el.kz
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумға қол қойды
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумға қол қойды
  • el.kz
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
  • Massaget
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
  • Massaget
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
  • baq.kz
Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отыр
Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отыр
  • baq.kz
  «Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
«Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
  • aikyn
Көкшетауда өрт кезінде бір адам құтқарылды
Көкшетауда өрт кезінде бір адам құтқарылды
  • el.kz
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан
  • sn.kz
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
  • baq.kz
  Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
  • aikyn
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
  • Massaget
  «Ерке Есмаханның бір бөлшегі сіздермен бірге болады»: әнші оқырмандарын қызықтырып қойды
«Ерке Есмаханның бір бөлшегі сіздермен бірге болады»: әнші оқырмандарын қызықтырып қойды
  • aikyn
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
  • el.kz
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
  • aqshamnews
  Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
  • aikyn
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
  • Massaget
Өрт шыққан үйде қалып қойған көкшетаулық тұрғын құтқарылды
Өрт шыққан үйде қалып қойған көкшетаулық тұрғын құтқарылды
  • turkystan
  Ақпан айында айқасайық! Жәнібек Әлімханұлы Канелоға жекпе-жек уақытын ұсынды
Ақпан айында айқасайық! Жәнібек Әлімханұлы Канелоға жекпе-жек уақытын ұсынды
  • aikyn
Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы тағайындалды
Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы тағайындалды
  • turkystan
Кубок Лиги. Новый трофей в копилку столицы
Кубок Лиги. Новый трофей в копилку столицы
  • Smi24
World Boxing ұйымы салмақ дәрежелерін жариялады
World Boxing ұйымы салмақ дәрежелерін жариялады
  • 1bol.kz
Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Станислав Черчесовті жан-тәнімен қорғап, жанкүйерлерді айыптады
Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Станислав Черчесовті жан-тәнімен қорғап, жанкүйерлерді айыптады
  • 1bol.kz
Анна Данилина жыл үздігіне үміткер атанды
Анна Данилина жыл үздігіне үміткер атанды
  • turkystan
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
  • almaty_tv
Тоқаев Путиннің мәлімдесінен кейін түн ішінде шұғыл тапсырма берді
Тоқаев Путиннің мәлімдесінен кейін түн ішінде шұғыл тапсырма берді
  • qaz365.kz
«Батыс елдеріне жауап»:  Путин Украинаға зымыран атқылағаннан кейін мәлімдеме жасады
«Батыс елдеріне жауап»: Путин Украинаға зымыран атқылағаннан кейін мәлімдеме жасады
  • qaz365.kz
Ақтауда қызды аяусыз ұрып-соққан күдікті ұсталды
Ақтауда қызды аяусыз ұрып-соққан күдікті ұсталды
  • qaz365.kz
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Сенат Ұлттық қордан екі триллион теңге алуды мақұлдады: 21 қараша 2024, 14:57 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сенат Ұлттық қордан екі триллион теңге алуды мақұлдады: 21 қараша 2024, 14:57 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев пен Орбан бірлескен мәлімдеме жасады: 21 қараша 2024, 08:27 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев пен Орбан бірлескен мәлімдеме жасады: 21 қараша 2024, 08:27 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
ҰҚК Қазақстандық ұсталғаны туралы хабарлады
ҰҚК Қазақстандық ұсталғаны туралы хабарлады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды: 18 қараша 2024, 16:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды: 18 қараша 2024, 16:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда аспанда жанып бара жатқан нысан видеоға түсіп қалды
Қазақстанда аспанда жанып бара жатқан нысан видеоға түсіп қалды
  • TengriNews
Екі қызымды міндетті түрде таза қазақ мектебіне беремін – Баян Алагөзова
Екі қызымды міндетті түрде таза қазақ мектебіне беремін – Баян Алагөзова
  • sn.kz
«Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы кинофестивальде көрсетіледі
«Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы кинофестивальде көрсетіледі
  • el.kz
Ақтауда республикалық домбырашылар байқауы өтеді
Ақтауда республикалық домбырашылар байқауы өтеді
  • el.kz
«5 млн және одан жоғары»: Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілер кімдер?
«5 млн және одан жоғары»: Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілер кімдер?
  • sn.kz
Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • turkystan
Алматылық жігіт автобус контролерін пышақтап кетті (ВИДЕО)
Алматылық жігіт автобус контролерін пышақтап кетті (ВИДЕО)
  • halyq-uni
«Той жасаймын деп несие алдым»: Атақты блогер қарызға батып кеткенін айтты
«Той жасаймын деп несие алдым»: Атақты блогер қарызға батып кеткенін айтты
  • turkystan
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан (ВИДЕО)
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан (ВИДЕО)
  • halyq-uni