Сенаторлар әйелдерді қолдауға арналған «Бақытты отбасы» орталығының қызметімен танысты

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге әйелдерге арналған «Бақытты отбасы» білім және ақпараттық-консультациялық орталығына барды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.Орталықтың жетекшісі Ырза Тұрсынзада «Бақытты отбасы», бірінші кезекте, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, жұмыссыз, қиын жағдайға тап болған және жалғызбасты аналарға жан-жақты қолдау көрсететін платформа екенін айтты. Мекемеде мамандандырылған кабинеттер жұмыс істейді. Сондай-ақ кондитерлік іс, тоқыма, ағылшын тілі, жұмсақ ойыншықтар тігу және тағы басқа кәсіп түрлерін үйрететін тегін курстар қарастырылған. Мұның бәрі әйелдерге өзін өзі дамытуға және жеке кәсібін бастауға жол ашатын қадамдар екені сөзсіз. Мәулен Әшімбаев әйелдер құқығын қорғауда және инклюзивті Қазақстан қалыптастыруда осындай орталықтардың маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды қолдауға және оларды оңалтуға, аталған санаттағы азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласып, жұмыспен қамтылуына арналған шаралардың берері мол екені айтылды. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға арналған заңдар әзірленіп, қабылданды. Осы заңдар арқылы мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыруға жауапты уәкілетті органның мәртебесі айқындалды. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған отбасыларды қолдауға арналған ережелер де қарастырылды. Сондай-ақ әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстың жауапкершілігі күшейтілді. Мемлекет басшысы белгілеп берген осы бағыттағы міндеттерді іске асыруда «Бақытты отбасы» сияқты орталықтар маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта біздің бірлескен жұмысымыз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жайлы жағдай жасауға және отбасы институтын нығайтуға тың серпін береді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев. Іс-шара соңында Орталық басшысы жаңа бастамаларға қолдау білдіріп, ынтымақтастық танытқаны үшін сенаторларға алғыс айтты. Сондай-ақ ол алдағы жоспарларына тоқталып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған жаңа ұсыныстарын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан әлем чемпионы атанды
Әлем чемпионатында әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
2 млн теңге: Спорт журналистикасының үздіктері қомақты сыйақымен марапатталды
АҚШ долларының құны артты
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Дәрігер қарттардың арқасының ауыруының ерекше себебін атады
Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде күміс алды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды