Сенаторлар 29 желтоқсаннан бастап халықпен кездесу үшін өңірлерге аттанады.Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның отырысында Сенаттың жұмысын қорытындылап, қандай маңызды заңдар қабылданғанын айтып берді. «Құрметті сенаторлар, жыл аяқталғанымен депутаттық қызметіміз жалғаса бермек. Ертеңнен бастап сіздердің өңірлерге сапарларыңыз басталады. Сапар барысында тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерге баса мән беруіміз керек. Халыққа қабылданған заңдардың маңызын да кеңінен түсіндірген абзал», - деді төраға палатаның жалпы отырысында. М.Әшімбаев әріптестеріне сәттілік тіледі. «Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев сенаторларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, 2024 жыл еліміз үшін құтты, берекелі жыл болуын тіледі», - деді М.Әшімбаев.