Сенатта ғалымдарды қолдауды күшейту туралы заң қаралды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады.Парламент депутаттарының бастамасы бойынша әзірленген заң ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, ғалымдарға әлеуметтік кепілдіктерді жақсартуға және ғылымдағы қаржы ресурстарын оңтайландыруға бағытталған. Құжатта өңірдің басым бағыттары бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар ұйымдастырумен қоса жергілікті атқарушы органдарға ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға құқық беру көзделіп отыр. Құжатта жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардағы педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің жалақысына қосымша ақы белгілеу жөніндегі нормалар көзделген. Сондай-ақ ғылыми, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-техникалық жұмыстарды аяқтау үшін шығармашылық демалысқа құқық беріледі. «Ғылыми этика» ұғымы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатысушылар ұстанатын қағидалар, ережелер мен нормалардың жиынтығы ретінде енгізіледі. Сондай-ақ ғылыми әдепке үлгі қағидалар әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыреті белгіленеді. Заң жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарына түсу кезінде мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға жеңілдіктер, сондай-ақ жатақханадан орын алуға басым құқық береді. Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы ғылыми қызметкерді әлеуметтік қорғауды одан әрі күшейтуге, ғалымның беделі мен еңбек тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ғылымның еліміз экономикасын дамытуға қосқан үлесін арттыруға ықпал ететін болады. Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды
Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болып, 179 адам қаза тапты
Михаил Кукушкин Брисбен турниріндегі жеңісті сериясын жалғастырды
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты
Еліміздің үш облысында жол жабылды
Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды
Ертең еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды