Сенатта суды тиімді пайдалану бағытында бірыңғай оператор белгілеу ұсынылды

Сенатор Жанболат Жөргенбаев елдегі суды жоспарлау, бақылау және пайдалану жүйесінің тиімсіздігі туралы мәселе көтерді. Салдарынан проблема біз ойлағаннан да ауқымды болып шықты. Депутаттың айтуынша, Бортоғай су қоймасы мен Қонаев атындағы үлкен Алматы каналы "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қарамағында, ал жұмыс беруші облыстық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Осы тұрғыда суды тиімді пайдалану үшін бірыңғай операторды белгілеу туралы мәселені пысықтау маңызды дейді. Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Мамандардың пікірінше, аталған кәсіпорындарды Республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беретін болса облыстық коммуналды кәсіпорын өзінің тарифын анықтап, бірыңғай оператор ретінде қызмет көрсете алады.  Су саласындағы мамандарды алаңдатып отырған үлкен мәселенің бірі - кейбір су шаруашылығы құрылымдарының жеке тұлғалардың меншігіне өтуі. Іс жүзінде меншік иесі нысандардың жәй-күйін жақсартуға ешқандай инвестиция салмайды дейді депутат. Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Жеке-меншікке өткен су құрылыстарын түгендеу жұмыстарын жүргізіп, оларды Республикалық немесе коммуналдық меншікке қайта қайтару мәселесін пысықтаған жөн.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шымкентте екі қабатты мейрамханадан өрт шықты
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті