Синоптиктер Қазақстандағы 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды."Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Сонымен қатар тұман мен көктайғақ та болжанды. Астанада көшпелі бұлт шығады. Күн жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады. Екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +7+9°C.Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +11+13°C. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, екінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 8-13м/с, күндіз - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.