Орта салмақтағы британдық боксшы кіші Крис Юбэнк өзінің отандасы Лиам Смитті жеңгеннен кейін атақты жерлесіміз Геннадий Головкинге үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz."Мен GGG-мен рингке шыққым келеді. Оның қазір қайда екенін білмеймін, бірақ Геннадий қайда жүрсең де айтайын, бар атақтың сенің қолында жүргеніне көп болды. Мен солардың бірін алып, сені жеңгім келеді! 100 пайыз", деп Sports.kz жеңісінен кейінгі кіші Юбэнктің сөзін келтіреді. Айта кетсек, Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағының барлығынан айырылған.Юбэнк пен Смит Манчестердегі (Ұлыбритания) бокс кешінде басты жекпе-жекті өткізді. Бұл жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол көпке созылмады. 10-раундта Юбэнк техникалық нокаутпен қарсыласын ұтып кетті. Төртінші раундта Смит нокдаунға ұшыраған болатын.