«Сергек бар ма, жоқ па, бәрібір»: ақтаулық жүргізуші нөмірсіз көлікті тізгіндеп, айыппұл арқалады

Ақтауда жүргізуші автокөліктің нөмірін әдейі алып тастап, жылдамдықты асыра пайдаланды. Жол ережесін бұзған азаматтың бейнесі әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Астана телеарнасы mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. «Маған бәрібір, Сергек бар ма, жоқ па? Бәрібір», - делінген желіде жарияланған видеода.  Осы сөздерден кейін көлік иесі нөмірді шешіп, оны камераға анық көрсетеді. Сонымен қатар, бейнежазбада автокөлік жүргізушісінің қала ішінде жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыра пайдаланғаны байқалады. Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, автокөлік жүргізушісінің жеке басы анықталып, тиісті шаралар қабылданды. «Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 21 жастағы жүргізушіге қатысты мемлекеттік белгісі жоқ көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды», - делінген хабарламада. Жүргізушіге он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды. Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Ақтауда «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Қала бойынша желілік учаскелерде, қиылыстарда және теміржол өткелдерінде 638 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды