Серік Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада. Серік Мақашұлы бұған дейін Сауда және интеграция министрі болып қызмет атқарған. Ол бұл лауазымға 2022 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған болатын.