Серік Күдебаев Алатау арқылы шекараны кесіп өткен болуы мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов осылай деп мәлімдеді. Оның кесіп өткен жерін іздеу үшін бірлескен топ құрылған. Іздестіру жұмыстарына мемлекеттік органдар да жұмылдырылған. Алты шекара бекетінде 300-дей адам жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін күдікке ілініп, істі болған Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев елден қашқан еді.Ерлан АЛДАЖҰМАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ол қашып кеткен-кетпегенін білген жоқпыз. Ол мемлекеттік шекараны ресми пункттер арқылы кесіп өткен жоқ. Алматы бағытында бізде Алатау тауы бар. Менің ойымша, бұл бағытта күзет болмағандықтан, егер іздесе, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге мүмкіндік бар. Соны анықтау үшін тексеріс жүріп жатыр.