Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев таулар арқылы шекара асқан болуы мүмкін.Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Алан Алдажұманов Сенаттың кулуарындағы брифингте мәлімдеді. «Жұмыс болжамы бар, ол тау жаққа кетуі мүмкін делік. Оның туған жеріне жақын маңайда шаруа қожалығы, елдімекен бар. Негізінде, жақсы жол көрсетушілер де, мүмкіндік де бар. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз», - деді Алдажұманов