Серік Күдебаевқа үкім шықты

28 сәуірде Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны 2022 жылдың 13 мамырында белгілі болды. Бас прокуратура Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде "ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздігі" үшін күдікке ілінгенін хабарлады. Серік Күдебаевтың соты 2023 жылдың басында басталды. Ол 31 қаңтарда қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғаннан не үшін кеткенін айтты.9 наурызда полицияның экс-басшысы гипертония диагнозымен емдеу мекемесіне жеткізілді. Наурыздың 30-ы күні сырқатына байланысты сот отырысы бірнеше рет кейінге шегерілгендіктен, Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлеп әкелу туралы шешім шығарылды. Бірақ 3 сәуірде Алматы облыстық ПД бұрынғы басшысы сотқа келмей, оған халықаралық іздеу жарияланған еді. ҰҚК шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми түрде шекарадан өтпегенін мәлімдеді. Сәуірдің 12-сі күні Бас прокуратура Алматы облысы жол полициясының экс-басшысына қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейінгі мәлімет бойынша, Серік Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшқан. 27 сәуірде Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын хабарлады. Кейін әлеуметтік желіде бұрынғы полиция басшысының ұсталған фотосы пайда болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады