Сеулде №258 және Токиода№261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастайды Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар. Сеулде №258 және Токиода№261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды. Шетелдегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жүйелі түрде берілетін болады.