Қазгидрометтің 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы бойынша, еліміздің кейбір аймағында қар жауып, көктайғақ болады.Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында – ауа райы жауын-шашынсыз. Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.