Шағын және орта бизнесті толыққанды қолдау үшін кешенді шаралар қабылдау керек - Президент

Қазақстан экономикасын дамыту жолында өзіне жауапкершілік ала алатын кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет. Бұл туралы VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.«Шағын және орта кәсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Бұл жөнінде көп айтылды. Бірақ аталған бағытта айтарлықтай ілгерілеу болған жоқ. Демек, экономикалық саясатқа өзгеріс енгізу қажет. Шағын және орта бизнесті толыққанды қолдау үшін кешенді шаралар қабылдау керек. Олар елімізді дамытуда маңызды рөл атқаратынын толық сезінуге тиіс. Бізге Қазақстан экономикасын дамыту жолында өзіне жауапкершілік ала алатын кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет. Оның бел ортасында әкімшілік ресурстарға иек артпай, кәсіпкерлік таланты мен еңбекқорлығының арқасында кәсібін табысты жүргізе алған бизнесмендер болуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Президент ондай адамдар әр аймақта бар екенін айтты. «Оларға елімізде өз бизнесін дамытуға мүмкіндік беру және нақты көмек көрсету маңызды. Қазақстанның қазіргі экономикалық моделі, ең алдымен, шикізат секторына инвестиция тартуға негізделеді. Сондықтан ұлттық буржуазияның негізін құрайтын орта бизнес жүйесіз дамып жатыр. Тек жекелеген аймақтарда ғана оң қарқын байқалады. Жалпы, Үкіметке экономиканың негізгі салаларына қомақты инвестиция, соның ішінде шетелдік инвесторларды тарту міндеті жүктеледі. Олар орта бизнестің дамуына тың серпін беруге тиіс. Бұл мәселені созбалаңға салуға болмайды», - деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған прокуратура қызметкері сотталды
"Желқуар" өткізу пункті жұмысын қайта бастады
Қазақстанда Тик-Ток желісі жабыла ма – платформа ұжымы жауап берді
Ақтауда кісі өлтірген экс-прокурор 1,5 жыл шартты жазамен құтылды
Тіс дәрігері науқастың имплантын қатты бұрап, миына кіргізіп жіберген
Сарыағашта газ ұрлаған тұрғын 5 жылға сотталды
"Ажалыңа екі күн қалды". Композитор Қалдыбек Құрманәлі өлім аузынан қалған кезі туралы айтты
«Таза Қазақстан»: Дәрігерлер 23 мыңнан астам ағаш екті
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына өтті
Оралда Жайық өзенінің су деңгейі 2-4 см төмендеп келеді
Қазақстан құрамасы екі күміс жүлдеге қол жеткізді
Жайық өзенінің су деңгейі төмендеп келеді
Нұрділдә Ораз: Жайық өзенінің Оралдағы деңгейі күннен-күнге төмендеп келеді
«Бірлік жүгірісі» марафонына 10 мыңға жуық спортшы қатысты
"Бишімбаев сотына ресейліктердің ақырындап араласа бастауы жақсы емес" - сарапшы
Юлия Путинцева қарсыласын тас-талқан етіп, Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына шықты
Астанада «Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті
"Ортамызға от салып отырған - бірінші әйелі". Актриса Ләззат Әбіш екінші күйеуімен арасының суып кету себебін айтты
Индербордағы өртке күдікті қашып кетпек болған
Абай облысындағы табиғи өрт жойылды
СҚО-да су тасқыны кезінде өңірлерден келген құтқарушыларды шығарып салу рәсімі өтті
«Жиіркенішті әрекет»: Салтанат Нүкенованың ағасы тағы да үндеу жасады
Қазақстанда Тик-Ток желісі жабыла ма – платформа ұжымы жауап берді
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымында ойнайды