Шақалақты қоқыс жәшігіне тастап кеткен: Оралдық келіншектің тағы үш баласы бар екені белгілі болды

Оралда қоқыс жәшігінен табылған баланың анасына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.Келіншектің мұнан басқа тағы үш баласы бар болып шықты. Сәуірдің 24-і күні қоқыс жәшігінен жаңа туған ұл бала табылды. Баланы анасы жалаңаш, полиэтилен пакетке оралған күйінде қоқысқа қалдырып кеткен. Болжам бойынша, бала туғаннан кейін 7-8 сағаттан соң тұрғындардың бірі тауып алған. Ол бастапқыда урнада марғау мияулап жатыр екен деп ойлаған. Полицейлер сәбидің анасын сол күні-ақ анықтады. Ол тағы үш баласы бар 25 жастағы әйел болып шықты. "Ол үшінші баласына жүкті болған кезде бізден көмек сұрады. Біз оған киім-кешек, тамақ жағынан көмектесіп, еріктілерді жәрдемге жұмылдырдық. Бірақ оның төртінші баласына жүкті екенін білмедік. Білсек, міндетті түрде көмектесер едік. Ол өзі де бізден көмек сұрамады. Ананы да түсінуге болады. Бәлкім денсаулығында ақау болуы мүмкін. Жүктілік кезінде депрессияға түскен болуы ықтимал. Күйеуімен ажырасқан жалғызбасты ана болғандықтан күйзелісте жүрген де шығар. Әйелдің айтуы бойынша, ер адам алимент төлемеген, бірақ ол АӘК алған. Соңғы рет жаңа жылдың алдында барып, балаларға сыйлықтар алып барғанбыз. Бірақ ол бізге жағдайын айтпады", – деді "Аналар үйі" орталығының маманы Зәмзәгүл Шқанова. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нәрестенің әжесі сәбиді көруге ауруханаға келгенін хабарлады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды