"Шәкіртақы төленеді": "Қазақстан халқына" қоры бөлген 850 білім грантын кімдер ала алады?

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылында "Қазақстан халқына" "ҚҚ Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарында күндізгі оқуға 850 білім беру грантын бөлді. Бөлген гранттарды кімдер ала алатынын "Қазақстан халқына" қоры сайтында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Білім беру грантын ізденушілер Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады:Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар; Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Мүгедектігі бар азаматтар;Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары; 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар; Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).Қордың мәліметінше, бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.Сонымен қатар "Қазақстан халқына" қорының мәліметінше, білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде төленеді."Білім беру гранты бір рет ұсынылатын атаулы грант болып табылады, екінші жоғары білім алуға білім беру грантын алуға жол берілмейді. Білім беру гранты өз қалауы бойынша және үлгерімінің төмен болуына байланысты оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің бағдарлама қатысушы екендігін растайтын күмәнді ақпарат немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады", - деп жазылды қор ұсынған мәліметте.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Неге тірі кезінде бір-бірімізді бағаламаймыз»: Дулат Исабеков Мұхтар Мағауиннің әруағынан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Хабиб Нурмагомедов стюардессамен сөзге келіп қалған соң рейстен қуылды (ВИДЕО)
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
«Дәрігер бұрын сотталған болып шықты». Мұрнын түзетпек болған қыз ажал құшты
Алматы музейлері өткен жылы 85 млн теңге табыс тапты
Полиция көлік жүргізушілерге үндеу жасады
Елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері екі есе артады