Шардара су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды.«Су қоймасы 1966 жылы салынған және көлемі бойынша елімізде үшінші орында тұр. Шардара су қоймасында соңғы рет батиметриялық зерттеу 1977 жылы іске асырылған. Сол кезде су қоймасының көлемі 5,2 млрд текше метр болды. Уақыт өте келе су қоймасының түбі біртіндеп шөгінділерге толып, су қоймасының көлемінің өзгеруіне әкеліп соққан. Жаңа батиметриялық түсірілім су қоймасының нақты көлемін анықтау үшін жүргізіледі», - делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметінде. Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары басталды. Су қоймасының түбінен сынақ материалдары алынып, олар тиісті зертханаға жіберілді. «Айта кету керек, мұндай жұмыстар біздің елімізде алғаш рет жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде оңтүстік өңірлердегі су тапшылығын жою бағытында жаңа серпін болмақ», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.