"Шаршадым": Балжан Бидаш желіде жылаған видеосын жариялап, жан сырын ақтарды

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде жылап жатқан видеосын жариялап, көпшілікке жан сырын ақтарды. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі басынан қиын кезең өткеріп жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Балжан Бидаштың Instagram желісінде бөліскен видеосы елді алаңдатты. Бейнежазбада әртістің жылап жатқанын көруге болады. Ол қаншалықты мықты болса да, өзін сүйреп шаршағанын айтты. "Мен осы уақытқа дейін сіздерге ашылып, қиналған эмоциямды көрсеткен емеспін. Қанша мықты болсам да, өзімді сүйреп шаршадым. Сенің тағдырыңда болып жатқан жағымсыз құбылыстарға біреудің кінәсі жоқ. Ол өзіңнің таңдауың. Бәрі жаратқан иеміздің жоспары", - деп жазды әнші. Сондай-ақ, өнер иесі өзі үшін алаңдап, қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғысын айтты. "Хаттарыңызды оқыдым. Уайымдамаңыздар, өздеріңіз айтпақшы уақыт бәріне емші. Қолдауларыңызға рахмет. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін", - деп жазды ол. Балжан Бидаш қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа ұшып кетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты