22 наурызда Ұйғыр ауданында 7 адам демалмақ болып, Шарын өзенінің жағасына шыққан. Алайда олар адасып басқа жерге барып, қайтып өз беттерінше орала алмаған.Төтенше жағдайлар департаменті республикалық жедел құтқару жасағының 20 қызметкері 5 техникамен шығып, адамдарды эвакуациялады және олардың көліктерін де шығарды. Құтқарылған адамдар медициналық көмек қажет етпеді, - делінген хабарламада.