Шарын шатқалы ұлттық саябағының камерасы сирек кездесетін үлпілдек жабайы мысықты (манул) түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.Айта кетері, жалпы жабайы мысық оның жасырын өмір салты мен популяциясының төмендігіне байланысты нашар зерттелген. Сыртқы түрі мен өлшемі бойынша манул үй мысығына ұқсайды. Бірақ жабайы мысық қысқашалау әрі томпақ денесі мен табаны, ұзын қалың жүні арқылы ерекшеленеді. Манул қолға үйретілмейді. Бұл жануар үшін үй жағдайы қолайсыз. Жабайы мысық барлық жерде сирек кездеседі. Оның саны азайып барады, кей жерлерде жойылу алдында тұр. Моңғолиядан басқа, ол тұратын елдердің барлығында дерлік манулды аулауға тыйым салынған. Дегенмен Қытайда әлі күнге дейін арнайы лицензиямен бұл жануарды аулауға болады.