Шаш бояу зиян ба?

Шаш боятар кезде абай болыңыз! Алматы қаласының тұрғыны сұлулық салонына барамын деп ауруханадан бір-ақ шықты. Әдемі болам деп өліп-тірілген әйелдің хикаясы әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинады. Бәле бояудан келді ме? Зардап шегушінің қазіргі жағдайы қалай? Әріптесім Ақбота Базарбай анықтап келді.Виктория есімді Алматы қаласының тұрғыны өзінің шаш боятқаннан кейінгі түрін әлеуметтік желіге жариялады. Айтуынша, алдымен денесін ұсақ бөртпе басқан, кейін бет-ауызы ісініп, артынша тыныс алуы қиындаған. Есімнен танып қалдым деген ол, ауруханаға жедел жәрдеммен жеткенін жазған. «Квинке ісігі» деген диагноз қойған дәрігерлер, аллергия шаш бояуынан болғанын растапты. Ал сән салонының қызметкерлері қарапайым процедура алдында аллергияға сынама жүргізбеген. Шаш бояуының құрамындағы амииак қауіпті дейді дәрігерлер. Қолқаны қабатын иіс сол элементтікі. Ол өкпенің зақымдануына, жүйке қызметінің бұзылуына әсер етеді. Одан кейін парафенилен диамин деген қоспа зиян. Бүгінгі ғылым дәл осы қоспа қатерлі ісік ауыруына алып келетінін дәлелдеп отыр. Рафаил РОЗЕНСОН, АЛЛЕРГОЛОГ: Ол 6 проценттен апауы керек. Алайда көбі жақсы нәтиже алу үшін, оны керекті мөлшерден тыс қосады. Салдарынан аллергияның белгілері пайда болады. Егер аллергия болса, шаш бояудан мүлдем бас тартқан жөн. Оның арты қайғылы оқиғаға алып келуі әбден мүмкін. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Әдемі боялған шаш қашанда арудың сәнін келтіреді. Бірақ қазір сары, көк, қызыл, тіпті жасыл шашты қыз-жігіттер көбейді. Олар сән ретінде боятады, ал көпшілігі ерте түскен ақ шашты жасыру үшін бояйды. Менде ақ шаш жоқ, мен сән үшін шашымды ақшыл сұр түске боятқым келіп тұр. Ләззат ҚАРАБЕК, ШАШТАРАЗ: - Маған ақшыл сұр түс керек еді. Шығарып бере аласыз ба? - Ақшыл сұр? Қандай да бір аллергияңыз болып жатса, мысалы оксид қышқылына немесе красканың составындағы майға, онда сізге біз шаштың түбінен 1 см қалдырып, бас кожасына тигізбей бояп бере аламыз. Бояуды шашта ұзақ ұстау өте зиян дейді маман. Құрамындағы сутегі, асқын тотығы шаштың тым құрғап, түсуіне алып келеді. А. Базарбай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада 170 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды
Халыққа салынған айыппұлдардан түсетін ақша қайда кетіп жатыр
Балқашқа былтырғымен салыстырғанда 4 млрд текше метрге артық су жіберілді
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз