Америкалық Youtube арнасының авторы SerEbro EnlosDeportes қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың тобығына жасалатын отаның салдары туралы айтты.«Шавкат Рахмоновтың тобығына ота жасалатындықтан, ол кем дегенде алты-жеті ай алаңға шықпайды. Мен спортшы рингке жазда оралады деп шамалап отырмын. Бірақ Шавкатқа асығудың қажеті жоқ: ол ота жасатып, Белал Мұхаммад пен Леон Эдвардстың жекпе-жегін тамашалап, содан кейін жеңімпазбен кездесе алады», - дейді арнаның авторы.