Шегірткемен күрес: Түркістан облысында диқандар шығынға батты

Түркістан облысында егін алқабын шегіртке басып, диқандар шаш-етектен шығынға батып жатыр. Зиянкестен жапа шеккен жұрт өтемақы берілуін сұрайды. Өйткені бұқара жәндікпен өздері күресуге мәжбүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы Байтоғай ауылының тұрғыны Нұркен Сейсенбек биыл 6 гектар жерге қарбыз еккен. Алайда диқан пайдаға кенелудің орнына шығынға батқан. Себебі 10 күннен бері жан-жақтың бәрін шегіртке басып, түйнек тастаған егіннің түгі қалмапты. Екі гектар жердегі өнім өліп, қалған 4 гектары әлі де шегірткеге таланып жатқан көрінеді.      – Кемінде 7-8 миллион теңге кетеді. Дәрісін және оны шашатын құрылғы алып жатырмыз. Биыл пайдадан шығын артып кетті, – деді шаруа Нұркен Сейсенбек.Шаруалар қарбыз алқабын жайлаған шегірткемен өзі күресуге мәжбүр. Ал әр залалсыздандыруға кемі 200 мың теңге шығын кетеді. Сөйтіп кейбірі егінді қолмен қорыса, шамасы жеткені улы дәріні өз күшімен себуге кіріскен. Еткен еңбекті еш кетірмеу үшін тағы бірі көлік жалдап, зиянкеспен күресіп жүр. Ал әкімдік өкілдері жан-жақтан мамандарды жұмылдырып, шегірткеге ұшақпен у шашуға кіріскен.– 2023 жылмен салыстырғанда биыл болжам орталығының жоспары 3 еседей артық көрсетіліп отыр. Сол бойынша зиянкесті уладық, – деді аумақтық инспекция басшысының орынбасары Бектас МұзаппаровАйта кетейік, шегіртке Түркістан облысының Арыс қаласын ғана емес, Сарыағаш және Келес аудандарын да жайлаған. Биыл зиянкес былтырғыдан үш есеге көбейіпті. Мәселен, бір жыл бұрын 70 мың гектар алқап залалсыздандырылса, биыл бұл көрсеткіш 270 мың гектарға жеткен. Ал мамандар алаңдауға еш негіз жоқ дегеннен әрі аспай отыр. Өйткені қанатты жәндіктің бір апта ішінде толық жойылуына жағдай жасалатын көрінеді.Айта кетейік, кеткен шығын мөлшері содан кейін ғана есептеледі. Бірақ шаруаларға өтемақының төленуі екіталай.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астана тұрғыны полиция қызметкерін соққыға жықты
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданындағы кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты
Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Станислав Черчесовті жан-тәнімен қорғап, жанкүйерлерді айыптады
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
"Қазақстанда кәсіби футбол клубын ашқым келеді" – Седет Чичек
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды
Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті