Шегірткемен күреске 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

Үкімет биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Бұл мақсатқа қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.Атап айтқанда, Үкімет резервінен үйірлі шегірткелердің жаппай таралуының алдын алуға, жайылымдарға зиянын тигізбеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын жоюына, сондай-ақ көрші мемлекеттердің іргелес аумақтарына көшуіне жол бермеу үшін олардың таралуы мүмкін барлық болжамды алаңда толық көлемді химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша шұғыл шығындарға 3,9 млрд теңге бөлінді. Елімізде соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны байқалады: 2020 жылы – 514 мың га, 2021 жылы – 626 мың га, 2022 жылы – 975 мың га. 2023 жылы таралу алаңы 1 585 мың га болады деп болжанғанымен, іс жүзінде 1 616 мың га өңделді. 2023-2024 жылдарға шегірткенің жаппай таралуының 11 жылдық циклінің үдемелі кезі сәйкес келеді. Биыл республикалық бюджеттен 1 270,6 мың га алаңды өңдеуге 4,2 млрд теңге бөлінген еді. Алайда, 2024 жылы нақтыланған жалпы болжам бойынша үйірлі шегірткенің таралу алаңы ұлғайып, 2,5 млн га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 1 млн гектарға артық. Бөлінген қосымша қаражат 1,3 млн га алаңда зиянкес үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады. Еске сала кетейік, Қазақстан аумағында шегірткенің үйірлі (азиялық, италиялық және марокколық) және үйірлі емес түрлері таралған. Пестицидтерді сатып алу және оларды сақтау, тасымалдау және қолдану қызметтері сынды үйірлі шегірткелерден қорғау іс-шараларын ұйымдастыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биік болсаң таулармен теңесіп көр
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты аппелляциялық сот шешімі шықты
Шерзат пен ағасының өлімі және үй өртеу ісін Бас прокуратура бақылауға алды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тоқаев Түркіменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды
Алматыда контрафактілік пиротехниканың 150-ге жуық қорабы тәркіленді
Қарағанды ​​облысында өзеннен бала өлі табылды
Жас ғалымдар баспаналы болды
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтау жолдады