Еліміз бес мемлекетпен шектеседі. Тыныштық пен мемлекеттің қауіпсіздігін көздің қарашығындай қорғау шекарашыларға жүктелген. Жауапкершілік пен қатаң әскери тәртіпті талап ететін шекара шебінде жүрген сарбаздардың жұмысымен әріптесім Берік Жұмабай танысты. Еліміздің жалпы 15 мың шақырымнан астам шекара аумағы болса, оның 2 мыңға жуығы сулы аймақта орналасқан. Ал Жамбыл жеріндегі күзетілетін шекаралық аумақтың ұзындығы 700-ден асады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, кірпік қақпай ел тыныштығын күзету оңай шару емес. Сондықтан шекарашы болу екінің бірінің қолынан келмейді. Ерболат Аталықов, ҚР ҰҚК ОБЛЫС БОЙЫНША «БАСАҒАШ» ШЕКАРА ЗАСТАВАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Шекара шебінде жүру әркімге бұйырмаған бақ. Осы ҚР-ның қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған азаматтар. Денсаулығына шағымы жоқ және физикалық дайындықта өзін жетілдірілген азаматтар осы шекара қызметіне алынады. Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ: Біз дәл қазір екі ел арасындағы шекара шебінде тұрмыз. Оң жағымыз Қазақстан болса, сол жағымыз Қырғызстан мемлекеті. Өздеріңіз көріп тұрған мына сым қоршауларға қандайда бір шекара бұзушылар жақындаған жағдайда дабыл сигналы тікелей заставаға түседі. Одан бөлек шекара бұзушылардың жолын кесіп, оларды дер кезінде анықтау үшін әрбір екі жүз қадам сайын сапалы бейне бақылау құрылғылары орнатылған. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қазір барлық жағдай жасалған. Қажетті заманауи құрал-жадықтар толық орнатылған. Қызметтік ит пен жылқылар да бар. Осының арқасында шекара бұзғандар дер кезінде ұсталып, қылмысты ашуда айтарлықты жеңілдеген. Қазір шекара аумағынан ұшқан құс пен қыбырлаған құмырсқаны да заставада отырып бақылай алады. Осы алты айдың ішінде жамбылдық шекарашылар 2100-ге жуық заң бұзушылықтарды әшкерелеген. Саят ШУБАЕВ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ОБЛЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Енді бүгін шекарашыларымыз осы Қазақстанның өзінің кәсіби мерекелерін атып өтіп жатыр. Сол себептен Қазақстанның шекарашыларына тілейтінім зор денсаулық, қызметте тек қана табыс, еліміз, заманымыз тыныш болсын. Аспанымыз ашық болсын және де шекарамыз берік болсын. Шекарадада заң бұзушылар мезгілге қарай әртүрлі болады екен. Жазда екі ел арасында мал өткізу, күзде есірткі тасымалы, ал көктемде еңбек ету үшін азаматтар заңсыз шекара асады. Ал оларды дер кезінде анықтау осы сарбаздарға жүктелген.