«Шенеуніктер де тергеледі»: Үкімет басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасынан кешірім сұрады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында қаза тапқан кеншілердің отбасынан кешірім сұрады.«Кінәлі тұлғаларға келетін болсақ, қазір сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтыр да 4 кенші қаза тапты. Ол бойынша барлық тергеу аяқталды. Жақын арада материалдар сотқа беріледі. Тамыз айында апат болып, 5 кенші қаза тапты. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы болған апат бойынша да тергеу басталды. Барлық кінәлі тұлғалар жазаға тартылады. Шенеуніктерге келетін болсақ, олар да тергеу аясында болады. Біз Үкімет ретінде бұл трагедиялардағы кінәмізді түсінеміз. Қаза тапқан кеншілердің отбасы мен зардап шеккендерге өзім және әріптестерімнің атынан кешірім сұрағым келеді. Біз де болған оқиға үшін жауаптымыз. Қазіргі біздің мақсатымыз-компанияны Қазақстанға қайтарып, оның тұрақты жұмысын қатмамасыз ету және жұмыс орындары мен жалақыны сақтап қалу. Кеншілердің қазасынан кейін туындаған міндеттерді де орындауымыз керек», - деді Смайылов. Премьер-министр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қазіргі жағдайына да ішінара Үкімет жауапты екенін айтты. «Инвестордың өзінің міндеттемелерін орындамауы біздің де жауапкершілігімізге жатады. Сондықтан кеншілердің отбасынан кешірім сұраймыз, өз жауапкершілігімізді сезінеміз», - деді Үкімет басшысы. Еске салсақ, «Костенко» шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жемқорлықты жүгендеудің жаңа құралы
Ақтөбедегі үш адамды кепілге алған қанды оқиға: тірі қалған әйел жансақтау бөлімінде жатыр
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп
Қорғасын зауыты қалдығынан құтылады
Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды
Алматылық педагогикалық әдіскер мамандар халықаралық тәжірибеден өтті
Тасқын турасында тағы да шу
Ақтөбедегі үш адамды кепілге алған қанды оқиға: тірі қалған әйел жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі
Фандомат – пайдалы құрылғы
«Жас еңбекшілер» жобасы басталды
Семей әуежайы амбулаториялық лифт берілді
«Қазақстандағы №1 емші»: Шымкент тұрғыны халыққа онлайн дем салып, емдеп жүр (ВИДЕО)
Жемқорлықты жүгендеудің жаңа құралы
Ұлытауда жоғалған малшы табылды
Қазақстандық кілемдер әлемдік нарыққа шықты
Орнықты дамудағы ортақ мүдде
Белгілі актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отау құрмақ
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді