Шет елге жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданып қалды

Астана қаласы полиция департаментінің Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен алаяқтық жасауға қатысы бар 59 жастағы қала тұрғыны анықталды. Ересек әйел Канадаға жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен елорданың 24 жастағы тұрғынының ақшасын иемденгені белгілі болған. Күдіктінің сеніміне кіріп, жәбірленушіні басқа елде тұрумен жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін байланыстары мен арналары бар екеніне сендіргені анықталды. Ол өз қызметі үшін жас жігіттен алдын ала 203 мың теңге алған. Тергеу барысында полицейлер оның тағы 6 астаналықтың ақшаларын иемденіп алдағаны белгілі болған.Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Ақшаны беру кезінде аса мұқият болып, қырағылық танытуға кеңес береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада 500-ден астам отбасы жаңа баспанаға ие болды
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты
Маятниктік миграция
Әл-Фараби БОЛАТЖАН, дінтанушы: «Зайырлылық – қауіпсіздік кепілі»
Мүмкіндігін жіберіп алғандар үшін тағы бір мүмкіндік
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды
ҚМА Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда
"Келешек" кемел бола ма?
Алатау ауданының Қарасу сквері тұрғындар серуендейтін орынға айналды
АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Жыл қорытындысы: Су инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның орнықты болашағы үшін технологияларды енгізу
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Алматы халықаралық әуежайында Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырылады