Доллар қайта арзандады. Қор биржасында оның бағамы 446 теңге болды. Экономистер АҚШ валютасының бұлайша құбылуына күн жылынуына байланысты туризмнің жандануына әсер етіп отырғанын айтады. Яғни кіріс-шығыс балансы доллар бағамының тұрақсыздығын тудырып отыр. Оған қоса мұнай бағасының өсуі де теңгенің нығаюына оң ықпал жасайды дейді.Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Теңгенің қуаттанғанына, меніңше, мұнайдың бағасының өскені әсер етті. Мұнайдың бағасы өссе, бізге валюта көбірек түседі. Валюта көп болғаннан кейін оған сұраныс сәлде болса азаяды да, теңгеге сұраныс көбейеді.